Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды

Жасанды интеллектінің дамуына арналған көрмеде мемлекеттер басшылары GovTech, Fintech, BigTech, Smart City бағыттарындағы озық шешімдермен танысты. Сонымен қатар IT-компаниялардың жетістіктері, инновациялық және білім беру жобалары қойылған арнаулы аймақты аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

img 2476

Өзбекстан Президентіне Аlemai халықаралық жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл орталық мыңдаған маманның жасанды интеллект саласы бойынша білім алуына және стартаптарды іске қосуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевке Ұлттық жасанды интеллект платформасы таныстырылды. Оның көмегімен мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыруға болады. 

img 2477

Сонымен қатар президенттерге ұлттық экономикадағы ЖИ әлеуетін арттыруды және технологиялық кәсіпкерлікті қолдауды көздейтін AI-Sana білім беру бағдарламасы туралы мәлімет берілді.

Президенттерге Орталық Азиядағы ірі технопарктер альянсы – Central Asian Innovation Hubs қызметі жөнінде мәлімет берілді. Былтыр Қазақстан мен Өзбекстанның ірі технопарктерінің лигасы стартаптар экожүйесін дамыту және әлемдік нарықта инновацияны ілгерілету мақсатында осы бренд аясына бірікті.  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button