Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Қазақстан балық өсіру көлемін 60 мың тоннаға дейін жеткізіп, Қытай мен Ресейге экспорт жасауды жоспарлап отыр

Atr.kz/27 ақпан, 2020 жыл. Қазақстанда балық өсіруді жылына  7 мың тоннадан  60 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік бар.

 Бұл туралы Премьер министр Асқар Маминнің төрағалығымен Атырауда өтіп жатқан жиында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

«Өткен жылы балық экспорты көлемі  30 мың тоннаны, импорт  43,5  мыңнан астам тоннаны құрады.  Десе де, елімізде балық өсіруді жылына  7 мың тоннадан  60 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Форель және атлантикалық  лосось балығын өсіру арқылы импорт көлемін азайта аламыз.

a38f57e8fa0959ad0dfaa19e0c5256fe

  Сонымен бірге, балықты Қытай мен Ресейге экспорттауға мүмкіндік бар. Аталған елдердің нарығы шамамен 3 миллион тоннаны құрайды» деп нақтылады министр Мағзұм Мырзағалиев. 

Министрдің сөзінше Қазақстанда 1 мыңнан астам балық шаруашылығы субъектілеріне 1646 балық су айдындары мен учаскелері бекітілген.  

«Балық аулау негізінен Каспий, Арал теңіздерінде, Жайық , Қиғаш өзендерінде, Балқаш, Зайсан көлдерінде жүргізіледі. Өткен жылы 45 мың тоннадан астам балық ауланды. Қазіргі таңда салада он бір мыңнан астам адам жұмыс істеуде»  деді министр өз сөзінде.

Еске сала кетелік, бүгін Атырауға еліміздің Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында Премьер-министр Атырау бекіре балық өсіру зауытының, «Каспий плюс» цехының, «Амангелді» балық өндірісі цехының, «Каспиан Роял Фиш» цехының жұмысымен танысып, тағы да бірқатар нысандарды аралады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau%D2%93a-premer-ministr-as%D2%9Bar-mamin-keldi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button