Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақ жұлдызшыларының жорамалдары туралы не білеміз?

Atr.kz/2 қазан, 2019 жыл  Қазақ жұлдызшыларының өмірге әкелген үлкен жаңалығы мен жетістігі – аптаның әрбір күнінің жеке қасиеттеріне анықтама беретін есеп қағидасы – күн санау.

Бұл – шығыс елінің ғылымына, ислам дінінің қағидаларына, жүздеген жылғы халық тәжірибесіне негізделе отырып жасалған, қазақтың ел арасына танымал болған көріпкелдері, емшілері мен жұлдызшыларынан жеткен әр күннің қасиеттері мен ауа райының болжамдары туралы нақты тұжырымдама. Жылдың он екі айындағы табиғат құбылысына байланысты халықтық болжамдар мен атауларды шартты түрде наурыз айынан бастап отырған.

КҮН МЕН ТҮННІҢ ТЕҢЕЛУІ

Күн орталығы өз қозғалысында жер экваторын кесіп өтетін астрономиялық құбылыс – күн мен түннің теңелуі. Күн мен түн көктемде және күзде теңеледі. Әлемдік уақыт бойынша солтүстік жарты шарда көктемгі күн мен түннің теңелуі 20 наурыз күніне сәйкес келеді. Бұл уақытта Күн оңтүстік жарты шардан солтүстік жарты шарға ауысады. Ал, күзгі күн мен түннің теңелуі Күн солтүстік жарты шардан оңтүстік жарты шарға ауған кезде орын алады. Ол қыркүйек айының 22 немесе 23-ші жұлдызына сәйкес. Бұл дата жыл сайын өзгеріп отырады. Мәселен, «кібісе жылда (366 күн толық келетін жыл) бір күн артық болғандықтан күн мен түннің теңесетін уақытында аздаған айырмашылық бар» дейді мамандар. Оңтүстік жарты шарда, керісінше, наурыздағы күн мен түннің теңелуі күзгі, ал, күн мен түннің қыркүйекте теңелуі көктемгі болып саналады. «Аспан экваторының Күн дискісімен қиылысуы» немесе көктемгі күн мен түннің теңелуі биыл наурыздың 21-і күні Астана уақытымен сағат 04.45 кезіне дөп келді.


КҮН ТОҚЫРАУЫ

Әр жылдың 21 маусымында Күннің экватордан солтүстікке қарай азғана ауытқуы (27-ге) кезіндегі эклиптикадағы орналасуы – Жазғы күн тоқырауы. Дәл осы күні Солтүстік жарты шарда ең ұзақ күн болса, Оңтүстік жарты шарда ең қысқа күн болады Күннің қысқы тоқырауы – күндізгі уақыттың жылдық қысқаруы аяқта латын күн. Ол – Жер дің өз осінен айналуы ба рысында Күнге көріну мүм кіндігінің мей лінше азаюы. Хал қымыз мұны «қыс ортасы», «ең қысқа күн», «қыстың алғашқы күні» деп те атаған. Бұл кезде Солтүстік жар ты шарда астро номиялық қыс басталып, Сол түстік полюс қараңғылық құшағында қалады. Күннің қыс қы тоқырауынан соң күн нің бір тіндеп ұзаруы бас талады. Атаулы күнге байланысты бірнеше нанымсенімдер қалыптасқан. Мәселен, Ежелгі Қытайда осы уақыттан бастап табиғаттың «аталық күші» көтеріледі және жаңа кезең басталады деп есептелген.

ЖЕТІ АМАЛ

Бір жылдың ішінде ыстық пен суық, қар мен жаңбыр, жел мен боран айналып келіп отырады. Халық оны «амал» деп атап, жылдың әр мезгіліндегі өткінші, әрі тосын, аз уақытта болып өтетін табиғат өзгерістері мен құбылыстарын жеті амалға бөліп, оларды төмендегіше ажыратқан. Бірінші амал – күннің тоқырауы. Жазғы тоқырау маусымның 21-күні. Ал, қысқы тоқырау қаңтар айының 22-күні келеді. Екіншісі – қарашаның қайтуы. Бұл атау қараша қаздармен байланысты. Әдетте алғашқы қар түсіп, алғашқы шәуіш қатпай қараша қаз жылы жаққа қайтпайды. Сондықтан, бұл кез қыстың күш ала бастауын білдіреді. Үшінші амал – үркердің батуы. Үркердің төмен түскен мезгілі. Төртіншіден, мұздың қатуы – су бетіне мұз қатқан кез. Бесіншісі – киіктің матауы. Үркер шоқжұлдызы қарашаның 11-і күні бататын болса, киіктің матауы да Үркер батқан қыс айына тап келеді. Алтыншы амал – қыс тоқсан. Бұл – желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары. Жетінші – ай тоғамы. Үркер жұлдызы мен айдың қатар көрінуі – «тоғыс».

ТАБИҒАТ ТЫЛСЫМЫ


Екі айдың арасындағы уақытты «өліара» деп атаған. Халқымыз «Өліарада жауын-шашын болса, жаңа ай жауын-шашынды болады» деп, өліара арқылы ауа райына болжам жасаған. Наурыз айының соңына қарай жылы жақтан құстар ұшып келе бастағанда қар аралас жаңбыр, суық жел тұрып, ауа райы бұзылады. Бейнебір құс қанатымен суық келгендей халық оны «құсқанаты» дейді. Сәуір айының орта кезінен кейін найзағай ойнайды, жаңбыр жауып, жер бусана бастайды. Халық осы найзағайды «Қызырдың қамшысы ойнайды» дейді. Бұдан кейін қыс біржолата кетеді. Сәуірдің соңғы күндеріндегі 23 күн болатын суық желді «тобылғы жарған» деп атайды. Халық осы күннен бастап «тобылғы бүршік жарып, өсімдіктер тамыр жайып, алғашқы көк шығады» деп қуанатын болған. Мамыр айында 1-2 күнге созылатын суық «қызыл жұмыртқа» аталады. Дала құстары мамыр айының алғашқы онкүндігінде жұмыртқадан балапан шығара бастайтын мезгіл осы кез. Мамыр айының соңына қарай бірнеше күн суық жел соғады. Ол жерді кептіргенімен, оны қатты суытып жібереді. Жер сыз, ықтасын болмаған соң киіктердің төлі орнынан тұрып, енесіне еріп аяқтанады.
Киіктердің төлдеуі 2-3 күнге ғана созылады. Ақбөкендерге тән қасиет – олар құралайын жетім қалдырмай, енесі жоғын емізіп, бауырына салып аман сақтайды, әрі мыңдаған лақтардың ішінен өз баласын адаспай табады.
Осындай суық уақытты қазақтар «құралайдың салқыны» деп атап, одан да сақтанады. Маусым айы туғанда үркер жұлдызы мүлдем көрінбей кетеді. Осыған орай «үркердің батуы» аталған мезгіл бар. Оны үркердің жерге түсуі деп айтатындар да бар. Бұдан кейін 40 күн шілде басталады. Халықтың «Үркер жерге түспей жер қызбайды» деген қанатты сөзі бар. Маусым, шілде айындағы ыстықтың қырық күнге созылатын мезгілі – қырық күн шілде. Үркердің толғағы. Шілде айының орта кезінен басталатын, малжанға қолайлы мезгіл. Үркер туып, жер құрғасымен шөптердің буыны қатып, сарғая түседі. Қазақ: «Таразы туса таң суыр» дейді. Себебі тамыз айының ортасында ауа райы салқындап, қою бұлт пайда болып, қоңыр күз нышаны көрініс беретін мезгіл – таразының тууы.

Қыркүйек айының екінші онкүндігінде салқын басталып, жаңбыр жауып, түнемелік шөп басына шық түскенде, күндіз шуақты сәттер пайда болады. Сол кезде далада ұзыннан-ұзақ мизамдар шұбатылып көрінеді. Суық кездегі мұндай жылы мезгілді «мизам шуақ» деп атайды. Халық аузында «Сүмбіле туса – су суыр» деген тұрақты тіркес бар. Өйткені, қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз басталып, суық, жаңбырлы күндер жиілейді. Қырбастың қызылы – желтоқсанның басында болатын алғашқы аяздың атауы. Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қыс ерте түсіп, шыңылтыр аяз бола бастайды. Текенің бұрқағы желтоқсан айының соңғы онкүндігінде қазақ даласында қатты боран соғып, киік текесі маталатын кез. 2-3 күн ішінде маталу толық аяқталады, сол себепті мамыр айының аяғында да киіктер 2-3 күннің ішінде лақтап, балаларын өргізеді. Осы боранды «Текенің бұрқылы» деп, ал, кейбір өңірде «Текенің бұрқағы» деп атайды. Күннің таласуы халықтың танымтүсінігінде қаңтардың алғашқы күнінде күн бой көтереді, сол кезде ауа райы өзгеріп, қар жауады, сырғыма жүріп, боран болуы да мүмкін. Қыс шілдесі – қаңтардың соңғы күндеріндегі қыстың күшіне енетін кезі. Сол уақытта сақылдаған сары аяздар туады. Осы уақытты қазақтар «Қыс шілдесі» деп бейнелі түрде атаған. Ақпан айында ат құлағы көрінбейтін борандар соғады. Айдың соңындағы сырғақ пен қатты боранды күндері қасқырдың арланы мен қаншығы жұптасады. «Сырғақ» деп бұршақтан кіші, мұзды қар түйіршіктерін атайды. Көпті көрген көнекөз қариялар қасқырлардың жұптасуына орай ақпанның соңындағы боранды күндерін «Бөрі сырғақ» деп атайды.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button