Жарнама
Жаңалықтар

Қазақ ұны АҚШ нарығына шықты: Amazon мен Walmart сөрелерінде сатылып жатыр

Қазақстандық ұн алғаш рет АҚШ нарығына экспорттала бастады.

Алғашқы 50 тонна ұн Eurasian Legacy брендімен шығарылып, қазірдің өзінде Amazon, Walmart онлайн-дүкендерінің сөрелерінен және Нью-Йорк наубайханаларынан орын алған.

Amazon платформасында қазақстандық өнім “Product of Kazakhstan” таңбасымен 1,36 кг қаптамасы үшін 14,50 доллардан (шамамен 7 800 теңге) сатылуда. Бұл бір килограмының бағасы шамамен 5 750 теңгеге тең.

Жоба QazTrade арқылы жүзеге асырылуда. Сауда министрлігінің мәліметінше, алдағы уақытта ай сайынғы экспорт көлемі 100 тоннадан асуы жоспарланып отыр.

Дереккөз: BES.media

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button