Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақ тілі ғылым мен мәдениет тіліне айналуы қажет


Қазіргі кезең – білім мен ғылымның дәуірі. Бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген жаңалықтар, цифрлық технология өмірге дендей енуде.

Осындай кезеңде білімді тұлғалар ғана жетістікке қол жеткізе алады. Еліміз алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттердің деңгейіне жетуі үшін халқымыз білімді болуы керек. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауындағы ерекше тоқталар тұсы – қазақ тілінің ғылым мен мәдениет тіліне айналуы жөнінде айтқан пікірі.


      Президенттің «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын азамат қазақ тілін білуі қажет» деген ұсынысы тәуелсіз елімізді мекендеген барша ұлт пен ұлысқа қойылар талапқа айналуы тиіс деп ойлаймын.
       Келешегіміз кемел болуы үшін біз ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын батыл реформаларға қадам басып, ел игілігі үшін қызмет етуіміз керек.


Руслан Баймұқашев,
№2 бастауыш мектебінің директоры
Мақат ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button