СарапTime: Атырауды жағымсыз иіс жайлады…

img 20200901 wa0025 1 Жаңалықтар

Ауа райы жылынып, жер аяғы кеңіген тұста атыраулықтарды қолқаны қабатын жағымсыз иіс қайтадан мазалай бастады. Ол әсіресе, желдің бағыты қалаға соққан мезгілде қатты сезіледі. Осындай жағдай 30 наурызда орын алып, түн ортасында тұрғындар әбігерге түсті. Сол уақытта әлеуметтік желілерде Атырау қаласында ауаның ластануы бойынша ақпараттар кеңінен таралып жатты. Көпті алаңдатқан бұл мәселенің мәнісі туралы экологияға жауапты басшылар кеңірек айтып берді.

Күкіртсутегі 10 есе артқан

Аталған деректерге байланысты Атырау облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары әдеттегідей қаладан ауа сынамасын алған болатын. Бұл жолы тексеру жұмыстары «Атырау облысы Су Арнасы» ЖШС-не тиесілі «Квадрат» булану алаңының санитарлық қорғау аймағында жүргізілді. Сынама қорытындысында ауа ластануының бірнеше дерегі анықталып отыр.

  • – Т е к с е р у к е з і н д е к ү к і р т с у т е г і н і ң н а қ т ы көрсеткіші 0,083 мг/м 3 – ні құрады. Негізінен шекті шоғырлану мөлшері 0,008 мг/ м3-ден аспауы тиіс еді. Ал, тексеру кезінде анықталған к ө р с е т к і ш қ а л а л ы қ ж ә н е ауылдық елді мекендердегі а т м о с ф е р а л ы қ а у а н ы ң гигиеналық нормативтері бекітілген рұқсат етілген шекті шоғырлану нормасынан шамамен 10 есеге жоғары болды. Сонымен қатар, 31 наурызда сағат түнгі 04:51 шамасында «Квадрат» булану алаңының санитарлық қорғау аймағынан «Казгидромет» РМК Атырау филиалы мамандарымен бірлесіп жүргізілген ауа сынамасын алу жұмыстары кезінде күкіртсутегінің нақты көрсеткіші 0,059 мг/м3-ті құрап, шекті шоғырлану нормасынан шамамен 7 есеге асқандығы анықталды. Атырау қаласының «Загородный», Т ұ р ғ ы н д а р қ а л а ш ы ғ ы , Перетаска аймақтарындағы ауа сапасын бақылау бекеттері к ү к і р т с у т е г і н і ң н а қ т ы көрсеткіші шекті шоғырлану мөлшерінен 19 есеге артық екендігін көрсетті, – деді Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов.

Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық а у а н ы ң г и г и е н а л ы қ н о р м а т и в т е р і н і ң б ұ з ы л у дерегі бойынша тиісті шара қолдану үшін зертханалық сынама қорытындылары Атырау облысының санитарлықэпидемиологиялық қадағалау департаментіне жолданады. Ал, қазір «Атырау облысы су арнасы» ЖШС-не тиесілі Атырау қаласының сол жағалауындағы «Тухлая балка» ағынды сулардың, «Квадрат» және Доссор ауылындағы булану алаңдарының республика Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, олардың қызметіне тыйым салу туралы Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз жолданды. Наурыздың соңғы күндері ауа сапасына қатысты орын алған осы мәселелер туралы «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының директоры Салауат Төленов баяндады.

  • – Мекеменің ауа сапасын автоматты түрде бақылау стансалары күн сайын қажетті тексерулер жүргізеді. Мониторинг кезінде Атырау қаласындағы 5 бекет бойынша сынама алынды. Әрқайсысында күкіртсутегінің мөлшері қалыпты деңгейден артқаны рас. 31 наурызда түнде желдің екпіні секундына 1-2,5 метр болып, солтүстік бағыттан соқты. Сол кезде ауа сапасы нашарлап, жағымсыз иіс қала ішінде тұнып қалды. Жалпы, мүңкіген иіс желдің бағытына байланысты байқалады. Ауа р а й ы н б о л ж а у б о й ы н ш а мұндай жағдайларда біз барлық мекемелерге ескерту береміз, – деді Салауат Дүйсенғалиұлы.

Мәселе қалай шешімін табады?

Бүгінде табиғатты қорғау бағытындағы құзырлы мекемелер орын алған жағдайға байланысты тиісті тексерулер мен заң бұзушылықтар негізінде қажетті шаралар қолданып жатыр. Қоршаған ортаға келтірілген залалды реттеу үшін материалдар сотқа да жолданады. Былтыр атмосфераға келтірген залал үшін тиісті орындарға 91 нұсқама берілген. Барлық айыппұл мөлшері 4 млрд. теңгені құрады. Осылайша, 1 5 – к е ж у ы қ і р і л і – ұ с а қ т ы мекеменің ісі сотқа жолданып отыр. Алайда, атыраулықтарды мазалаған мүңкіген иістен құтылудың жолы бұл емес. С о н д ы қ т а н к ө п ш і л і к т і ң көкейінде «мәселенің алдын алу үшін өңірде нақты қандай жұмыстар қолға алынған?» деген сұрақ туындайды. Облыстың бас экологы Әлібек Бекмұхаметовтың айтуынша, қазір қордаланған э к о л о г и я л ы қ м ә с е л е л е р д і кешенді түрде шешу үшін а р н а й ы « Ж о л к а р т а с ы » жасақталды. Бұл құжатта «Атырау облысы су арнасы» ЖШС және Атырау мұнай өңдеу зауыты Атырау қаласының сол жағалауындағы «Тухлая балка» ағынды сулардың булану алаңы, «Квадрат» булану алаңын тазарту және рекультивациялау жұмыстары қ а р а с т ы р ы л ғ а н . Б ү г і н д е о н ы ң ж о б а л ы қ – с м е т а л ы қ құжаттамалары жасақталып, сараптама қорытындысы алынды. Тиісті іс-шаралар биылдан бастап қолға алынып, 2023 жылға дейін толық аяқталуы тиіс. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ерболат Омаров та осы пікірді қостап отыр.

  • – Жасыратыны жоқ, бүгінде Атыраудағы ауаның сапасы тұрғындарды жиі мазалайды. Бұл жөніндегі мәліметтер облыс орталығындағы LEDэкрандарда тұрақты жариял а н а д ы . А л , қ о р д а л а н ғ а н мәселелер «Квадрат» булану алаңын қалпына келтірумен шешіледі деуге толықтай негіз бар. Қазір бұл іс-шараға қажетті қаражат мәселесі бойынша инвесторлармен бірлескен жұмыс жүргізілуде. «Тухлая балка» булану алаңы үшін қаржы бөлініп, жұмыстар басталып жатыр. Бұдан өзге, осы булану алаңындағы Атырау м ұ н а й ө ң д е у з а у ы т ы н ы ң иелігіндегі 860 гектар жер телімін қалпына келтіру шаралары қарастырылуда, – деді Ерболат Болатжанұлы.

Бұдан басқа, қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу үшін орман қоры жерлерінде және елді мекендерде ағаш отырғызу туралы өңірдің ірі мұнай өндіруші компанияларымен Меморандум жасақталып, оларды көгалдандыру жұмыстарына тарту қолға алынды. «АМӨЗ» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «NCOC» және «ТШО» компанияларына көгалдандыру үшін жер телімдері бөлініп берілді.

Түйін.

Жалпы, ауа құрамындағы күкіртсутегі мөлшерінің осынша артуының адам саулығына қаншалықты зияндылығы жөнінде медицина мамандары нақты айта алады. Алайда, өңірдің бас экологы ауа құрамындағы зиянды заттар шекті мөлшерден жоғары болса, әлбетте оның зияндылығы болатынын атап өтті. Бүгінде Атырау облысы экологиясының ластануы бойынша республикада 5-6-шы орында тұр. Құзырлы орын өкілдерінің сөзінше, бұл көрсеткіш өңірді экологиялық апат алдында тұр деуге келмейді-міс. Десек те, аймақтағы бүгінгі ахуал күн тәртібіндегі басты мәселе болып қала бермек.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз