Жарнама
Жаңалықтар

Қазақ елін әлемге таныту Атыраудан басталады

Өткен жылдың наурыз айының 31-інен бастап, жарты жыл ішінде бүкіл Қазақстанды жаяу аралап, 8 мың шақырым жол жүрген белгілі жиһанкез, саяхатшы Сәрсенбай Қотырашев өткен сәрсенбі күні Атырауға табан тіреді. 

Ол Абай орталығында жастармен өткізген кездесуінде енді дүниежүзін шарлауға бел буып отырғанын мәлім етті. 73 жастағы ақсақал бұл екі жылға созылатын ұзақ сапарын мұнайлы өңір – Атырау қаласынан бастамақшы.

0f862c0f 0fe5 41db 86e2 7e50ea9c1069

  -Дүниежүзін жаяу аралаудағы басты мақсатым, ең алдымен, Қазақ елін әлемге таныту және бейбітшілікті насихаттау, жер жүзінің жұртшылығын ынтымаққа шақыру және сол арқылы жастардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету. Мен бүгін сапарымды Атыраудан бастамақшымын. Астрахань арқылы Дағыстанға, әрмен қарай Грузия асып Түркияға өтемін де, сапарымның алғашқы бөлігін аяқтаймын. Екінші бөлігін Құдай қаласа келер жылы жалғастырамын. Бұл ретте Анкарадан бастап Болгария арқылы Европаға өтіп, Франциядан ұшаққа отырып, АҚШ-қа ұшамын. Келесі кезекте Американың бес штатын жүріп өтіп, тағы да Қытайға ұшақпен жетсем деймін. Әрі қарай Монғолия арқылы Шығыс Қазақстанға табан тіреп, сапарымды аяқтамақшымын,-дейді Сәрсенбай Оспанұлы.

f803b2a4 8c3a 4358 b740 abd34a3cf170

   Кездесуде әйгілі жиһанкез жастардың дені сау ұрпақ болып қалыптасу үшін күніне кем дегенде 7 шақырым жаяу жүруге шақырды. Сонымен қатар алдағы мақсатымен де бөліскен ақсақал қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық мерекесін қалпына келтіруге күш салатынын жеткізді. Ол – халықтың бір-біріне қымыз сыйлайтын, күннің ең ұзақ тәуліктік мерзімі 22 маусым болуы тиіс.  

   Жарқын жүзді жүздесу кезінде Сәрсенбай Қотырашев жастардың қойған сауалдарына жауап беріп, денсаулық, ұзақ өмір сүрудің құпиясы, туған жерге деген сүйіспеншілік секілді  бүгінгі ел ертеңіне аса қажетті сезім қырлары жайлы сыр бөлісті.

Ербол ҚОШАҚАНОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button