COVID-19 : Шектеу шаралары ұзартылды

356e94bc a327 4431 83bc 97ebbf588d52 COVID-19: Соңғы поштадан...

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары! Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес COVID-19 пандемиясына байланысты эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін шектеу шаралары ұзартылды.

Бұған қарамастан, кейбір тұлғалармен қабылданған шектеу шаралары сақталмауда.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес коронавирус инфекциясының таралған кезінен бастап қала аумағында 5 307 адам науқастанып, өкінішке орай соның ішінде 99-ы бұл індеттен қайтыс болған.

Шектеу шаралары кезеңінде 324 тұлға айыппұл жазасына тартылды. Тек, өткен аптаның ішінде түрлі іс-шараларды өткізумен байланысты – 32 құқық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мейрамханалардағы мерейлік, салтанатты шаралар – 8, түңгі мезгілде кафе-бар қызметі – 13, Бас санитариялық дәрігерімен тыйым салынған объектілер (кинозал, компьютер клубтары) – 3 және т.б.

Қала прокуратурасы коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында барлық азаматтарды шектеу шараларын сақтауға шақырады, сондай-ақ шектеулерді бұзған жағдайда қызметін тоқтатуға дейін әкімшілік жауаптылық көзделгендігін ескертеді.

Шектеу шараларының бұзылуына куәгер болсаңыз мобильдік топтың +7-708-101-20-63 («What’s app» мессенджері арқылыда хабарлауға болады) немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарлау сұралады.

«Атырау қаласының прокуратурасы«

img 20201022 wa0079
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз