Түрі басқа, тілі бір

a222f0cb69413c33d26be8cdd7b56aca Жаңалықтар

Осындай тақырыпта өткен фестиваль Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Онда облыстағы этномәдени бірлестік өкілдері қазақша және өз ана тілдерінде ән айтып, ақындардың шығармаларын оқып, өнерлерін ортаға салды.

a222f0cb69413c33d26be8cdd7b56aca

Шараны ұйымдастырушы облыс әкімі аппараты  «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Тамара Аман-Турлина фестиваль мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру және ұлттар достығын паш ету мақсатында ұйымдастырылып отырғанын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Бүкіләлемдік қазақтар қауымдастығының» атынан қатысқан Диана Бауыржанқызы қазақтың аяулы ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырзалиевтің шығармаларын нақышына келтіре оқыды. Ақын Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» туындысын таңдап алған корей ұлтының өкілі Максим Юн өлеңді  мәнерлеп жеткізуге тырысты. «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі Вика Тамбовцева  туған жер туралы қазақ тілінде ән шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

«Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің әншілері де әннен шашу шашты. Өзге де бірлестіктердің өкілдері өнерлерін көрсетіп, шараның көрігін қыздырды.   Фестиваль соңында  қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Рита  Жайғалиқызы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз