QAZAQ AIR әуе компаниясы шекаралық аймақтарға ұша бастады
Аtr.kz/3 мамыр, 2019 жыл. QAZAQ AIR енді Астрахан, Бішкек, Ош, Тбилиси, Минеральные Воды және өзге де қалаларға жаңа халықаралық рейстерді жүзеге асырып отыр.
Бұл туралы Аtr.kz-ге «Самұрық-Қазына» компаниясының Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті хабарлады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 7 маусымынан бастап жаңа лайнерлер Алматы-Ош бағытында тұрақты рейстерді іске асырады. Қазақстан мен Қырғызстанның оңтүстік астаналары арасындағы рейстер аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері ұшады.
«Жаңа Bombardier Q400 NextGen лайнері әлемдегі ірі әуе кеме өндірушілерінің бірі – Канада әуеқұрылыс компаниясының аймақтық лайнер өндірушісінен тікелей алынды. Жуық арада QAZAQ AIR сыйымдылығы 86 орындық кабинасы бар және бұрынғыға қарағанда дәл осындай жақсартылған ұшақ алады. Әуе флотының кеңеюі ішкі рейстердің жиілігін арттырады және шекаралас өңірлерге жаңа халықаралық рейстердің ашылуына әкеледі» делінген хабарламада.
Еске сала кетелік, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке жаңа Bombardier Q400 NextGen жаңа лайнерін таныстырды. Қордың басшысы жаңа әуе кеменің жабдықтары және артықшылықтарымен, сондай-ақ авиакомпанияның даму жоспарларымен танысты.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА