Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайға орай Қазақстан халқына үндеу жасады (+ВИДЕО)

2020 03 16 b21ba72a 0792 412f b24e d32a697499e1 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/16 наурыз, 2020 жыл.  «Коронавирустың таралуы алаңдатып отыр.

https://youtu.be/s5zSqYCfOeI

Бұл індет күннен-күнге ушығып барады. Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді. Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 08:00-ден бастап Қазақстан аумағында  төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдай режімі 30 тәулікке созылады» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол Президент жанынан Мемлекеттік комиссия құрылғанын атап өтті.

«Президент жанынан Мемлекеттік комиссия құрылды. Оны Премьер-Министр басқарады. Барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырылады. Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынады. Көпшілік қатысатын шаралар тоқтатылды. Көптеген азаматымыздың алдағы мереке күндеріне орай жоспар құратынын түсінемін. Дегенмен, бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз» деді Президент.

Аман ШАМАР

http://atr.kz/bez-rubriki/қazaқstannan-resejge-baruғa-tyjym-salyndy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз