КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗІ БОЛМАҚ

Жаңалықтар

 

Урбанизация процесін маңызды қадам ретінде бағалаған Өңірлік даму министрі, сонымен қатар, моноқалаларды өркендетуге де аса маңыз беріліп отырғанын мәлімдеді. 

Бұдан басқа, Болат Жәмі-шев кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолға алынған іс-шараларға кеңінен тоқталды. Ол бойынша, биыл  еліміздің барлық 160 ауданында кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылмақ. Қазіргі таңда  мұндай орталықтар еліміздің 16 ірі қаласында жұмыс атқаруда. Ал, 27 моноқалада кәсіпкерлерді қолдау орталықтары бар. Бизнес иелерін қолдау бойынша, сондай-ақ, БАҚ арқылы хабарлар, бейнероликтер көрсетіп, ісін дөңгелентіп кеткен кәсіпкерлердің тәжірибесін көпке үлгі етіп ұсыну жоспарлануда. Тәулік бойына жұмыс істейтін бизнесмендер порталы да шағын және орта кәсіпкерліктің белең алуына айтарлықтай ықпалын тигізуде. 

Тағы бір атап өтерлігі, бағдарламада қоғамның барлық топтары – әйелдер, жастар, мүгедектер және басқалар тегіс қамтылған. Кәсіпкерлікпен айналыса бастағандар үшін «Бизнес-өрлеу» жобасы іске қосылып, әрбір халыққа қызмет көрсету орталығында жас кәсіпкерлер мектебі жұмыс істейтін болады. 

Журналистер сауалы, негізінен, Елбасы Жолдауы, Алматы және Астана қалаларының агломерациясы, тағы басқа жайлар төңірегінде қойылды. 

Құралай ОРАЗ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған