Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елдегі мәселелер көшеде емес, Парламентте шешілуі керек

Atr.kz/2 қыркүйек, 2019 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттар өзінің заңды құқығын пайдаланып, Үкіметке өзекті мәселелер туралы сауал жолдап, одан нақты шараларды қабылдауды талап етуі керектігін айтты.

Президент «Біріншіден, партиялы құрылым процесін жалғастыру керек. «Нұр Отан» партиясы біздің көшбасшымыз және оның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында күрделі әрі жауапты миссияны орындап келеді. Біз қоғам үшін пайдалы істерді тындырып жүрген басқа да саяси партиялар және қозғалыстармен серіктесуіміз керек. Біздің қоғамды мазалаған негізгі мәселелер көшелерде емес, азаматтық диалог аясында Парламентте шешілуі тиіс. Депутаттар өзінің заңды құқығын пайдаланып, Үкіметке өзекті мәселелер туралы сауал жолдап, одан нақты шараларды қабылдауды талап етуі керек», — деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.

 Еске сала кетсек, елордада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Жиын барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялауда.

Дереккөз: «Қаз Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button