dlya konkursa

Мұнайлы өңір – Ембінің жүз жылдығына орай БАҚ өкілдеріне Байқау!

Жаңалықтар

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! 2022 жылы мұнайлы Ембі өңірінің құрылғанына жүз жыл толады. Кәсіпорынның тарихы ресми түрде 1922 жылдан, Доссор және Мақат кен алаңдарын игеру үшін құрылған «Ембімұнай» тресінен басталады. Алайда, алғашқы мұнай бұрқағы 1899 жылы Қарашүңгіл құрылымындағы №7 ұңғымадан атқылады. Сол кезден бастап қазақ мұнайының тарихы басталды.

Алғашқы мұнай бұрқағына дейін бұл өңір шамамен екі жүз жылға жуық зерттелді. Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап Ембі өңірінде зерттеу- іздестіру жұмыстары басталған. Алғашқы мұнайды зерттеу шараларына ресейлік пен ағылшындық капиталдың қатысуы, «Ембі» мұнай қоғамы акцияларының Лондон биржасына қойылуы, революция жылдарындағы қиындықтар, азамат соғысынан кейінгі мұнай кәсіпшіліктерін қалпына келтіру жұмыстары мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі ембіліктердің ерлігі – бұлардың барлығы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның қалыптасуының кезеңдері. Мұнай кәсіпшіліктерінің дамуымен бірге қазақстандық ұлттық кадрлардың қалыптасуы да қатар жүрді. Ембі өңірін игеруге үлес қосқан ардагер-мұнайшылардың ұрпақтары күні бүгінге дейін «Ембімұнайгаз» АҚ-да, еліміздің өзге мұнай компанияларында және шет елдерде еңбек етуде. Өткен ғасырдың 30-жылдарында Ембінің базасында мұнай техникумы ашылды, Гурьев-Ембі-Орск мұнай құбырының құрылысы басталды. Соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі кезеңдерде сапалы жанар-жағар майға деген сұраныс отандық мұнай өндіруші және өңдеуші саланың дамуына тың серпін берді. Сол кезеңдерде Гурьев мұнай өңдеу зауыты салынды. 1945 жылдан бастап «Ембімұнай» тресі «Қазақстанмұнай» өндірістік бірлестігі болып қайта құрылды. Өндірістік бірлестік құрамына Қазақ КСР аумағындағы соғыстан кейінгі мұнай саласына қатысты барлық кәсіпшіліктер кірді. Ембілік геологтардың үлесімен Батыс Қазақстандағы Теңіз, Өзен, Маңғышлақ, Прорва, Кенбай және басқа да ірі кеніштер ашылып, соның нәтижесінде мұнай-газ секторы күні бүгінге дейін ел экономикасының күретамыры болып саналады.

Өзінің ғасырлық мерейтойы қарсаңында «Ембімұнайгаз» АҚ Қазақстан Журналистер Одағы Атырау облыстық Филиалымен бірлесе отырып, БАҚ өкілдерінің арасында: қазақстандық мерзімдік басылым, интернет-басылым, телевизия және радио арналарының журналистері үшін «Мұнайлы Ембінің жүз жылдығына» тақырыбында байқау жариялайды.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Ереже қазақстандық БАҚ мен мерзімдік басылым, интернет-басылым, телевизия және радио арналары журналистерінің үздік жұмыстарын анықтау мақсатында Байқауды ұйымдастырудың шарттарын анықтайды.

  1. Байқауды ұйымдастырушылар: «Ембімұнайгаз» АҚ мен Қазақстан Журналистер Одағы Атырау облыстық Филиалы
  2. Байқаудың мақсаты: қазақ мұнайының «қара шаңырағы» саналатын отандық кәсіпорын- «Ембімұнайгаз» АҚ-ы туралы, отандық мұнай-газ кешенінің еліміздің әлеуметтік-экономикалық саласының дамуына қосқан үлесі, мұнай-газ сакторындағы ұлттық кадрлардың қалыптасуы туралы ақпараттармен жұртшылықты кеңінен хабардар ету, БАҚ өкілдерін зерттеу және талдау жұмыстары үшін ынталандыру.
  3. Байқауға қатысушыларға қойылатын талап:

3.1. Байқауға қатысу үшін қазақстандық БАҚ және мерзімдік басылым, интернет-басылым, телевизия және радио арналарының журналистері шақырылады.

3.2. Байқауға қатысу үшін төмендегі құжаттар тапсырылады:

  • мерзімдік басылымдар үшін (газет, журнал) – байқау материалдары жарық көрген газет немесе журналдың тұп нұсқасы;
  • Интернет басылымдар үшін – материалдың электрондық нұсқасы, материал жарияланған уақыты мен материалға сілтеме жасау;
  • Теле/радио арналары үшін – телеарнада эфирге шыққан бағдарлама/сюжетке сілтеме жасау, радиоэфиріндегі бағдарлама немесе ақпараттық сюжеттің мәтініне талдау жасау;
  • Фоторепортаж үшін – материал мерзімдік басылымға жарияланғанда газет немесе журнал санының түпнұсқасы, материал жарияланған интернет-басылымның парақшасына сілтеме жасау;

3.3. Байқауға қатысу үшін өтінімде БАҚ-ның атауы, журналистің аты-жөні (автордың бүркеншік аты БАҚ, интернет-басылым атынан жазбаша расталуы тиіс), байқау материалы туралы ақпарат (атауы, жарыққа шыққан күні), пошталық және электрондық мекенжайы, телефон номері көрсетілуі тиіс.

3.4. Байқауға қатысу жөніндегі өтінім материалдармен бірге Байқау жөніндегі хабарландыру шыққан күннен бастап 2020 жылдың 12- маусымына дейін төмендегі мекенжай бойынша қабылданады:

Атырау қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі-1, «Ембімұнайгаз» АҚ кеңсесі, 105 кабинет, Қоғаммен байланыс қызметі, электрондық пошталар: G.Karajanova@emg.kmgep.kz, A.Ertleuova@emg.kmgep.kz,

3.5. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды.

3.6. Байқау туралы хабарландыру «Ембімұнайгаз» АҚ –ның корпоративті сайтында www.emba.kz және «Ембімұнайгаз» АҚ әлеуметік желілердегі ресми парақшасында, мерзімді БАҚ мен интернет-басылымдарда жарияланады.

  1. Байқаудың қорытындысын шығару

4.1. Байқаудың жеңімпаздары әділ қазылар алқасының 10-балдық жүйе бойынша комиссиялық жұмыстарының нәтижесінде айқындалады. Негізгі критерийлері – материалдың Байқау мақсатына сәйкестігі, ұсынылған материалдың жаңашылдығы, оның форматы, тақырыптың жан-жақты ашылуы, жұртшылық үшін материалдың қолжетімділігі.

4.2. Байқаудың жеңімпаздары 28-маусым – ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні кәсіби мерекесі қарсаңында жарияланып, марапатталады.

4.3. Байқаудың қорытындысы «Ембімұнайгаз» АҚ –ның корпоративті сайтында www.emba.kz және «Ембімұнайгаз» АҚ әлеуметік желілердегі ресми парақшасында, облыстық БАҚ-да, интернет-басылымдарда жарияланады.

4.4. Байқау туралы қосымша ақпараттар алу үшін төмендегі электрондық поштаға немесе телефон номерлеріне хабарласа аласыздар: G.Karajanova@emg.kmgep.kz, A.Ertleuova@emg.kmgep.kz,

+7 7122 99-34-21, +7 7122 99-32-09.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған