Жарнама
Жаңалықтар

Қасқырға қауіп төніп тұр

Биылғы 15 қаңтардан бастап елімізде қасқыр, шибөріні аулауға рұқсат берілді.

 – Жыл соңына дейін санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат етіліп отыр. Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін бекітілген, — деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілдері. 

Дегенмен жануарлар дүниесі комитеті Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облысында қасқыр мен шибөріні атуға тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны дәлелденген жағдайда ғана рұқсат берілетінін ескертті. 

Жануарлар санын реттеуге рұқсат алу рәсімі Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №347 «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен регламенттелген. Айта кетейік, елімізде аң аулау қызметі толығымен (www.elicense.kz веб-порталы) автоматтандырылған. 

Ауылдық жерлерде қасқырдың малға шабуыл жасау жайттары тіркеліп тұрады. Бұдан бұрын Атырау облысында шаруа қожалығының жұмысшысына қасқыр шапқан еді. Сондай-ақ Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында шаруа қожалығындағы малға қасқыр шапқаны белгілі болды. 

Сурет: freepik.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button