Атырауда тұрғындар шағымданып келген «Сасықсай» жабылады

ZHa a nyisan Жаңалықтар

Иісі қолқаңды қабатын «Сасықсай» жабылатын болды. Қазір облыс орталығында кәріз суын тазартатын кешеннің жаңа жүйесі салынуда. Тұрғындарды жылдар бойы мазалаған мәселе осылайша шешімін таппақ.

Жаңа нысан

Жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа кәріз тазарту ғимаратының құрылысы облыс орталығының сол жақ бөлігіндегі кәріз суын тазалау проблемасын шешеді. Ол алдағы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Кәріз тазарту ғимаратының жаңа жүйесін салуға 70 маман тартылған. Биотоған, тазартылған су коллекторы, тазартылмаған су коллекторы, лай алаңы, бас кәріз сорғы стансасының құрылысы салынып жатыр.

Қаланың сол жақ бөлігіндегі кәріз тазарту ғимаратының кешені Атыраудың оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасады. Ол жұмысын бастағаннан кейін қазіргі қолданылып жүрген «Сасықсай» алаңы жабылады. Жаңа кешенде бас кәріз стансасының алаңы, кәріз тазарту ғимараты, биологиялық тоған және булану алаңдары бар. Кешен тәулігіне 70 мың текше метр пайдаланылған суды қабылдай алады.

Құрылыс келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз