Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицинаҚоғам

Қарапайым пневмонияны коронавирустық пневмониядан қалай ажыратуға болады?

Atr.kz/20 шілде, 2020 жыл. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Пульмонология кафедрасының меңгерушісі Гүлстан Есетова коронавирустық пневмонияны кәдімгі пневмониядан қалай ажыратуға болатынын айтып берді.

Дәрігердің пайымдауынша, бүгіндері қазақстандықтар вирустық пневмониямен ауырып қалуда.

— Мұндай ауру эпидемия, маусымдық ауру кезінде пайда болады. Ол вирустық интоксикациямен сипатталады. Әдетте, кәдімгі пневмонияның дамуында қаупті факторлар алдымен көрініс береді: қалтырау, иммунитеттің төмендеуі және т.б. Екіншісі — белгілері. Кәдімгі пневмония үшін алдымен температураның көтерілуі тән, бірақ басты айырмашылығы — жөтел. Қақырықпен жөтел болғанда, қақырық сары-жасыл сипатқа ие. Бұл бактериалды пневмония екенін көрсетеді. Вирустық пневмонияға вирус себеп болады. Мұндайда пневмонияның белгілері дереу пайда болмайды, бірақ вирустық интоксикацияның дамуы аясында ол біртіндеп байқалады. Жөтел кейін қосылады, онда да құрғақ болады. Вирус өкпе стромасы деп аталатын аймақтарға жабысады. Сонымен қатар, бактериялық пневмониядан вирустық пневмонияның айырмашылықтар айқын байқалады, — деді Гүлстан Есетова.

Маман үйде пневмониядан емделуге болатындығын, бірақ кейбір мәселелерге баса назар аудару керектігін айтады.

— Екі мәселе маңызды — өкпеге қаншалықты зақым келді және кімде өкпе қабынады. Егер бұл жас адам болса және оның жөтел немесе ентігуі болмаса, онда ештеңе істеудің қажеті жоқ. Егер егде жастағы адам болса, онда абай болу керек. Қосымша патология науқастың жағдайын нашарлатуы мүмкін, — деді ҚазҰМУ пульмонология кафедрасының меңгерушісі.

Дәрігер вирустық пневмония жұқпалы екенін, ал қарапайым пневмония басқаларға қауіп төндірмейтінін атап өтті. Аурудың даму кезеңінде науқастарға өкпені ертерек сауықтыру үшін тыныс алу жаттығуларын орындау қажет.

— Пневмонияны емдеудің кеш басталуымен өкпе фиброзы пайда болуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін емдеуді және оңалту процедурасын уақтылы бастау керек. Егер науқаста ыстығы, ентігу болса, бұл оның қозғалмай жатуы керек дегенді білдірмейді. Ол ары-бері қозғалып, өкпенің төменгі бөліктері жұмыс істеуі үшін етпетінен жатуы тиіс. Тыныс алу гимнастикасы қажет, ең қарапайымы — демді ұстап, кеңінен дем алу — күніне 3 рет 5-10 минуттан, бұл қажет шара. Бұл қозғалыс өкпе тінін дамытуға түрткі болады. Одан соң қанның қоюлануына жол бермеу қажет, қан айналымы үздіксіз жүріп түұруы керек, — деп сөзін қорытындылады Гүлстан Есетова.

«Закон.кз»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button