Атырауда 50 жаяу жүргіншіні көлік қаққан

7e1185dc 3f22 41af 857a 40992ca57c8b Қоғам

– Жыл басынан бері қала аумағында жаяу жүргіншілерді көлік қағып кеткен 50 оқиға орын алып, салдарынан 41 адам  әр түрлі дене жарақаттарын алған. Соңғы уақытта жол-көлік оқиғалары көлік жүргізушілерінің тарапынан жиі орын алып, жаяу жүргіншілер зардап шегуде, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Ендеше неліктен заңмен белгіленген арнайы жаяу жүргіншілер жолағынан өту барысында соншама адам жол-көлік оқиғасына ұшырайды? Себебі жаяу жүргіншіге арналған жолақтан өтерде жаяу жүргінші көлік келе жатыр ма, баяу жүріп келе ме немесе таяп қалды ма – оған мән бере қоймайды. Ол өзінің аяқ ұшы жаяу жүргінші жолағына тиді ме, сол сәтте-ақ қандай көлік болса да, қайтіп, қалай келе жатса да бірден тоқтап, жол береді деп сенеді. Ал оның кенеттен қалт тоқтай алуы, алмауы ойландырмайды.

Мәселен, 22 желтоқсан күні сағат 12:30  шамасында Канцев көшесінде орналасқан  №13 мектептің тұсындағы жаяу жүргіншілер өткелінен 10 жастағы жасөспірім қыз баланы Toyota Ipsum маркалы автокөлігінің 1984 ж.т., жүргізушісі қағып кеткен. 

Одан басқа, 22 желтоқсан күні 08:00 шамасында Баймұханов көшесіндегі соңғы аялдамаға жетпей, 1977 жылы туылған азамат маркасы Ваз 21099 автокөлігін басқара отырып 10 жастағы жасөспірім баланы қағып кеткен. Соққы салдарынан жасөспірім жеңіл жарақат алған.

Сол себептен, қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында, Атыраулық полицейлер көлік жүргізушілері мен жол қозғалысы қатысушыларын жол жүру ережелерін сақтауды, жолда сақ жүруді және ата-аналардың назарына жасөспірім балаларға үнемі жолда жүрген кезде мұқият болуды ескертіп отыруларын сұрайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз