Қарағай елді мекені эвакуациялануда
Жылыой ауданына қарасты Қарағай елді мекенінде Жем өзенінің арнасынан асып тасуына орай, су тасқыны Қарағай елді мекеніне де кіру қаупін туындатып жатыр. Мәселеге байланысты тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру туралы штаб шешім қабылдады. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова хабарлады.
-Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III топтағы мүгедектегі бар азаматтар көшіріледі. №18, №8 №1 орта мектептердің ғимараттары қабылдау пункттері ретінде белгіленді. Қарағай елді мекенінің басында қабылдау пункттеріне жеткізетін автобустар жүреді, — дейді Г.Айшуақова.
Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде тұрғындардың өздерімен бірге жеке бас құжаттары ме шағын төсек орын секілді қажетті заттарын ала барулары қажеттігін атап айтты.
Өз тілшіміз