Д.Нұрпейісова атындағы академиялық оркестрдің бас дирижері тағайындалды

ЕАС 067 Жаңалықтар

Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі болып Арман Жүдебаев тағайындалды. Облыстық халық шығармашылығы орталығында өткен жиында мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Саламат Сабыр жиналғандарға оркестрдің бас дирижерін таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

ЕАС 067

Арман Жүдебаев 2013 жылдан бері ұлттық музыкалық өнердің тірегі – Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халықтық аспаптар оркестрінің бас дирижері. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Есімі «Қазақстандағы жүз жаңа есімнің» қатарына енген. Арман Әділханұлы ендігі уақытта аталған екі оркестрдің дирижерлік қызметін қатар атқаратын болады.

ЕАС 056

ЕАС 071

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз