Жарнама
Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы мемлекетіміз үшін зор сынақ болды

Қаңтардағы қайғылы оқиғалардың бір жылдығы қарсаңында Алматыда  барлық қазақстандықтар үшін маңызды орын – қаңтар оқиғаларының құрбандарына арналған мемориалдың ашылуы  өте орынды  жағдай дегім келеді..

Осы салтанатты рәсімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысып, сөз сөйлеуі бәрімізді де тебірентті. Мемориал – біздің сәулет өнеріміздің көрнекті нысаны және еске алу орны. Бұл болашақ ұрпақ үшін сол оқиғаларды қайталамау туралы үнемі еске салады. Онда бәрі бар – азап, үміт, ата-бабалардың еркіндік үшін күресі, келешек ұрпақты бейбітшілігі мен бірлікке шақыруы.

Иә,  2022 жыл басындағы бұл қаңтар оқиғалары бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді, шыбын жанымызды шүберекке түйіп отырдық десем өтірік болмас. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендігімізге зор қауіп төнді. Сол бір қиын  күндері Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімізбен сезіндік. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсіндік. Мемлекет басшысының ерекше табандылығы мен ерік-жігері халыққа  мотивация берді. Біз Президентіміз  Қасым-Жомарт Тоқаевтың сол күндердегі  халқымызды  жұмылдыра білгені мен  мызғымас бірлігіміздің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық Президент уақытылы және батыл шешім қабылдап, лаңкестерге тойтарыс бердік.

Сондай-ақ   әлемде жемқорлықтың тамырына балта шабатын заңдарды жасау тәжірбиесі мол. Оны біздегі маман — құқықтанушы  жастардың басын біріктіріп, жемқорлықтың алдын алатын және жемқордың жазаланбай қалмайтындай тиімді заңдар құрылымын әр сала бойынша жасап шығару және оны қолдану барысында жетілдіріп отыруды қолға алу керек. Міне осыған қабілетті жастарды заң шығаратын парламентке өткізген дұрыс.

Мемориал —  бұл өнер туындысы  ғана емес, Мемориал-жастарға  үлкен тәрбие  беретін тарихи ескерткіш.  Ол  Қазақстанның Тәуелсіздік пен өркендеуге апаратын күрделі жолы.

Ермек Биғали

ҚР  Құрметті журналисі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button