Атыраулық ҮЕҰ өкілдері «ТШО» қызметкерлерімен кездесті

photo 80046 750x375 1 Жаңалықтар

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІН НЕ ТОЛҒАНДЫРАДЫ? ОЛАР КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ КӨҢІЛ КӨНШІТЕ МЕ? ЖУЫРДА «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ЖШС-І ЖӘНЕ ОБЛЫСТАҒЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР (ҮЕҰ) ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІНДЕ ОСЫ МӘСЕЛЕЛЕР КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұхановтың айтуынша, облыста 712 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның 581-і Атырау қаласында, ал 131-і аудандарда тіркелген. О л а р д ы ң а т қ а р ы п ж а т қ а н жұмыстарына қысқаша тоқталған басқарма басшысы биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 927 млн. теңгені құрайтын 69 жобаның жоспарланғанын айтты. Сондай-ақ, 47 млн. теңге үкіметтік емес ұйымдардың арнайы гранттарына бөлінбек.

– Жүзеге асқан және жоспарланған жобалардың барлығы Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңына сәйкес өткізіледі, – деді басқарма басшысы.

Мемлекеттік емес сектор өкілдері компанияның 2010 жылдан бері әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында бөлініп келе жатқан гранттарына қатысты өздерін мазалаған сауалдар мен ұсыныстарын ортаға салды. «Теңізшевройл» компаниясының менеджері Ботагөз Құлшаеваның айтуынша, өткен жылы компания әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында ҮЕҰ-дармен бірлесіп, денсаулық сақтау, білім беру салаларының сапасын арттыруға және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 94 әлеуметтік жобаны жүзеге асырған. ҮЕҰ өкілдері б ұ л ж о б а жеңімпаздарының нақты тізімімен таныстыруды сұрады. Сондай-ақ әлеуметтік жобалар байқауы жөнінде компанияның ресми парақшасында жариялап отыруды ұсынды. Компания өкілдері жиын барысында жолданған сұрақтар мен ұсыныстарға таяу күндері «Азаматтық орталық» арқылы жауап беруге уәде етті.

– «Азаматтық орталық» мекемесі 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. ҮЕҰ-ның басшылары мен өкілдері кез келген уақытта орталыққа келіп, қандай да бір гранттарға түсу үшін рәсімделетін құжаттарды толтыру бойынша кеңес ала алады, – деді «Азаматтық орталық» басшысы Жаннат Досқалиева.

Ү Е Ұ ө к і л д е р і ә л е у м е т т і к тапсырыстың нәтижесі, болашақта қандай жобалар болады деген сұрақтар төңірегінде сөз қозғады. Сонымен қатар, алдағы уақытта әлеуметтік тапсырысқа қатысу тәртібі, әлеуметтік тапсырыс кезіндегі өткізу процесінің ашықтығы туралы нақты ұсыныстарын айтты.

«Бұл бізге орнықты әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып қоймай, жергілікті ҮЕҰ-дың дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, лайықты жобаларды сапалы түрде таңдау үшін ТШО бірлескен қажеттіліктерді бағалау процесін жүргізеді. Ол біздің компаниямыздың әлеуметтік инвестициялар стратегиясының одан әрі дамуына ықпал етеді» деді компания менеджері Ботагөз Құлшаева.

Кездесуде облыстағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдері ойларын айтып, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланыстың қазығы нық болуы үшін қажетті ұсыныстарын ортаға салды.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз