Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

ҚАНАҒАТ қарын тойғызар

Atr.kz/26 қараша, 2019 жыл. Мені кейде «осы бір алдамшы дүниеде адамдар неге тойымcыз болады екен?» деген ой мазалайды. Себебі, бүгінгі қоғамда қанағатсыздардың қатары көбеюде. Ендеше, өзінің жиған-терген дүниесін санап өткен адам бақытты ма, әлде ғұмырының кішкене ғана шаттығына қуана білген жан бақытты ма?

Иә, ойланарлық мәселе. Дегенмен, дүние-мүліктің артынан жүгіргендер бақыттың тәтті нәрін сезінбейді-ау шамасы. Бәлкім, байлығы жанына біраз уақыт демеу болар, бірақ, дана халқымыз «дүние деген – сордың суы, іше берсең кептіре береді» дейді. Олай болса, қанағаты жоқтар қайдан пайда болады?

Кез келген жан жарық дүние есігін ашып, есейе бастаған соң өзінше бақытты болғысы келеді. Бақытты болудың сырларын іздеп, әуре-сарсаңға түседі. Бұл – өмір қағидасы, оны жоққа шығара алмаймыз. Алайда, бақыттың өз маңайында жүргенін түсіне бермейді. Бақыт – ол адамның денсаулығы, еш қайтарылмас уақыты, жанындағы жақсы көретін жандары.

Десек те, кейбіреулер бақытты ақша мен мал-мүлікте, мансап пен дүниеқұмарлықта деп ойлайды. Өзін өзге тұрмыс жағдайы жоғары адаммен салыстырып, жағдайын түзеуге тырысады. Бірақ, өзі үлгі тұтып жүрген адамның жан-дүниесін жақынырақ білмейді.

Әрине, байлардың бәрі бақытсыз деп айтудан аулақпыз. Әйтсе де, адамдар, әсіресе, өскелең ұрпақ нысапсыздық, қанағатсыздық қасиеттен аулақ жүрсе екен. Біреудің тапқан дүниесіне қызығудың түк қажеті жоқ, керісінше адал еңбекпен тапқан аз дүниесін бағалай білген адамның артықшылығы көп. «Қанағат қарын тойғызады» деген мақал бекер айтылмаса керек.

Қасиет БАҚКЕРЕЙҚЫЗЫ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті

Related Articles

2 Comments

  1. Қасиет, айналайын! Сенің көтерген мәселең түптеп келгенде бүгінгі бәріміздің киіп алған қамытымыз десек болады. Бұның түп тамыры әріде жатыр…
    Жас өскіндер қаталамайтындай тәлім-тәрбие, өнеге боларлық жұмысты Отбасында, Бала-бақшада, Мектеп пен ЖО-да арнайы бағдарламамен үздіксіз жүргізу қажет.
    Ол үшін меніңше Ұлттық идеология керек. Онсыз
    «Жас ұрпақ» тәрбиесінен айырыламыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button