АЙГҮЛ ҮЛКЕНБАЕВА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ, КҮЙШІ: УАҚЫТ КЕҢІСТІГІНІҢ РУХАНИ ДӘНЕКЕРІ

Кешегі мен бүгінгінің арасына рухани дәнекер болып отырған жаңалық жаршысы - «Атыраудың» 20 мыңыншы басылымының шығуымен құттықтаймын! Қазақтың әдебиеті мен төл өнерін насихаттап, дәріптеуде, бұқараны рухани тұрғыда сусындатуда  «Атыраудың» үлесі мол. Оны мойындау керек.

Осынау атаулы датаны пайдаланып, халыққа ақпарат жеткізуде уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген ұжымның қыз-жігіттеріне сәттілік тілеймін! Жаңалықпен тыныстайтын оқырмандарыңыз көбейе түскей! Ұлтымызды рухани түлетіп, елімізді жасампаздыққа жетелеу жолында қосар үлестеріңіз көбейсін. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз