Теңіздегі сары түтін: оның шығу себебі неде?

snimok 6 Жаңалықтар

Биылғы сәуір айында Теңіз кенішіндегі өндірістік нысандардың бірінен сары түтін ауаға тарап, қоршаған ортаға елеулі зиянын тигізгендігі туралы ақпарат жарияланған болатын. Орын алған оқиғаның мән-жайын зерделеп, келтірілген залалдың мөлшерін анықтау мақсатында Атырау облысы бойынша экология департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізді. Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте оның нәтижесі баяндалды.

Экология департаментінің басшысы Əлібек Бекмұхаметовтің айтуынша, тексеру барысында а н ы қ т а л ғ а н ы н д а й , о қ и ғ а «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасты КТЛ-2 нысанында орнатылған « У – 5 0 0 » қ о н д ы р ғ ы с ы н ы ң гидрогенизациялау пешінде орын алған. Нақтысын айтқанда, қалдық газды беру клапанының ақаулығынан жұмыс жасап тұрған «С-511» пеші тоқтаған. Оның нəтижесінде ауаға «сары түтін» түріндегі күкірт шығарылған. Департамент басшылығының пəрменімен осындай ағаттыққа жол бергені үшін «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты əкімшілік іс қозғалып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Онда қоршаған ортаға өз бетінше эмиссияларға жол бермеу жөнінде нақты іс-шараларды əзірлеу, сондайақ, штаттан тыс жағдайлар кезінде қондырғылар желісінің жұмысын тоқтату мүмкіндігін қарастыру қажеттігі атап көрсетілді. Алайда, тексеру нəтижелері бойынша толтырылған акт пен жолданған нұсқамаға байланысты компания басшылығы Экологиялық реттеу жəне бақылау комитетіне шағымданып отыр. Сол себепті, əкімшілік істі қарау процесі уақытша тоқтатылып, қазіргі уақытта қоршаған ортаға келтірілген залалдың мөлшері есептелуде. Бұл туралы кейінірек жарияланады. Мəселеге орай, «Теңізшевройл» Ж Ш С – н і ң Ү к і м е т п е н ж ə н е жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев те түсінік берді.

 Дəулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз