Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

ҚАН ТАПСЫРЫП, өзгеге өмір сыйла!

Аtr.kz/16 маусым, 2020 жыл. 14 маусым – Дүниежүзілік донор күні. Жыл сайын донорлар тапсырған қан миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Өткен жылы Қазақстанда 80 мыңнан астам науқасқа 360 мың рет қан құйылды. Ал, облыстағы бұл жұмыстардың көрсеткіші қандай? Карантин жағдайында донор табу қалай ұйымдастырылды? Донор күні қарсаңында облыстық қан орталығы директорының ме­дицина жөніндегі орынбасары Жаңылсын Шындауыловамен сұхбат осы сауалдар аясында өрбіді.

– Жаңылсын Қамыспайқызы, Дүниежүзілік до­нор күнінің мәні мен маңызы неде? Ал­дымен, әңгімемізді осыдан бастасақ…

– Бұл күні өз еркімен қан тап­сыратын және ол үшін ешбір ақы алмайтын, талай жанды ажал ау­зынан арашалап алуға септігін тигізіп жүрген азаматтарға алғыс айту дәстүрге айналды. Оның үстіне, бұл күнде қан тапсырудың денсаулыққа пайдасы мен зәру жандарға қол ұшын беру қажеттігі жайлы жан-жақты ақпарат тара­тып, жұртшылық игі іске көптеп жұмылдырылады. Биылғы науқан «Сау әлем үшін қан тапсырыңыз!» тақырыбында өтеді.

– Донор болып, қан тапсырудың денсаулыққа пай­дасы бар ма?

– Ересек адамның ағзасында 5,5 литрге жуық қан бар. Бір рет қан тапсырғанда донордан 350-450 миллилитр қан алынады. Мұның адам организміне тигізер пайдасы да зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, тұрақты түрде қан тапсыратындардың өмірі шамамен 5 жылға ұзарады. Бұл қоғамға ғана емес, донордың өзі үшін де тиімді. Денсаулыққа пай­дасын былай қойғанда, донорға бірқатар артықшылықтар беріледі. Мәселен, АИТВ, мерез, қандағы гемоглобин мөлшерін, қан тобы мен резус-факторын анықтау секілді талдау түрлерін тегін тапсыруға мүмкіндік алады. Қан тапсырған күні студенттер сабақтан, жұмыскерлер жұмыстан босатылады. Бірақ, жалақысы толық төленеді.

– Қ а н қ ұ ю көрсеткіші туралы білсек?

– Өткен жылы облыста науқастарға 11 637 қан құйылды. Оның ішінде қан тапсырып, өзгелерге үміт сыйлап жүрген отандастарымыздың саны 2 млн. 211 мыңды құрады. Ал, елімізде науқастарды қанмен қамтамасыз ететін және трансфузиялық көмек көрсететін медицина ұйымдарының саны 470-тен асады.

– Т ө т е н ш е жағдай кезінде және карантин уақытында қан о р т а л ы ғ ы н ы ң жұмысы қалай жүргізілді?

– Біз бұл кезеңдерде штаттық режимде қызмет атқардық. Емдеу- сауықтыру мекемелеріндегі науқастарға – ана мен балаға, онкогематологиялық ауруларға, сондай-ақ, жедел хирургия кезіндегі отаға қан компоненті аса қажеттілік тудырды. Осы орайда, орталықтың жұмысына қолдау білдіріп, донор болған бірқатар ме­кеме қызметкерлерін атап айту ке­рек. Олардың қатарында әскери бөлімшілер, облыстық полиция департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті секілді бірқатар саланың мамандары қан тапсырып, адам өміріне араша түсу жолында қайырымдылық жасады. Сондай-ақ, биылғы Еріктілер жылына орай орталыққа ерікті донорларды тарту мақсатында еріктілер де белсенді жұмыс атқаруда.

– Медицинада донор болып, қан тапсырудың белгіленген тәртібі қандай? Кімдер донор бола ала­ды?

– Донордың жасы ең алды­мен 18-ге толған болуы керек. Қан тапсырмас бұрын міндетті түрде медициналық тексеруден өткізіледі. Ал, гепатит, мерез, ту­беркулезбен ауырғандар, АИТВ індетін жұқтырғандар, нашақорлар донор бола алмайды. Сонымен қатар, донор бауыр, бүйрек, жүрек-қан тамыры жүйесінде кездесетін созылмалы ауруларға шалдықпаған болуы тиіс. Қандағы гемоглобин мөлшері төмен адамдар да (әйелдерде – 110 г/л, еркек­терде – 120 г/л) уақытша донор бола алмайды. Сондай-ақ, қан тапсырардан біраз уақыт бұрын ота жасатқандар, тісін емдетіп не­месе жұлдырғандар, дәрі-дәрмек ішкендер, екпе салдырғандар, эндемиялық аудандарға барып келгендердің донор болуына уақытша шектеу қойылады.

– А л , о с ы т а л а п т а р д ы ң барлығына сай бо­лып, қан тапсыруға ден қойған адам күні бұрын өзін қалай дайындауы қажет?

– Қан тапсырардан бір күн бұрын және таңертең майлы тағамдар мен ет-сүт өнімдерінен бас тарту қажет. Түнгі ауысымнан шыққаннан кейін демалып алмай, қан тапсыруға болмайды. Қан тапсырар алдын­да темекіден 3 сағат, алкоголь­ден 48 сағат бас тартуы тиіс. Қан орталығына баратын күні таңертең тәтті шай, шырын, газдалған су­сындар ішіп, нан-тоқаш өнімдерін жеуге болады.

Сұхбаттасқан:

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button