Халықаралық іздеудегі түркістандық тұрғын Атырауда не істеп жүр?

img 20210329 wa0075 Жаңалықтар

Атыраулық учаскелік полицейлер халықаралық іздестірілудегі Түркістан қаласының тұрғынын анықтады.

26 наурыз күні сағат 11:00 шамасында №6 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторларымен аумақтарын аралау барысында Шаған көшесінің бойынан қоғамдық орында мас күйде жүрген Түркістан қаласының 1983 жылы туылған азаматы анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 1 бөлігімен (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттама толтырылып, бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Одан басқа, тексеріс кезінде 38 жастағы азаматтың 2017 жылдан бері алимент төлеуден жалтарып, қашып жүргендігі және осы жағдай бойынша халықаралық іздестірілуде тұрғандығы анықталып, заңды шешім қабылдау үшін Атырау қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызмет бөліміне жеткізілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз