img 20201216 wa0101

Қамза Үмбетқалиев қызмет бабында көз жұмған полицейлердің отбасына барды

Жаңалықтар
5 / 100

Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев және оның орынбасарлары Атырауда қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларын мерекемен құттықтады.

Қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан  Асқар Бисекеновтың, Зияда Смақовтың, 2019 жылы өз-өзіне қол жұмсап Жайық өзеніне секірген азаматшаны құтқару барысында қайтыс болған Шалхар Ақымғалиевтың отбасына, 2009 жылы автокөлік тоқтатқан талабын орындамай, қасақана қағып кеткен оқиға салдарынан қаза тапқан Нұрберген Өтемісовтің, 1974 жылы қарулы қылмыскер қолынан қаза тапқан Владимир Худин мен Кабдрахман Ерниязовтың, қызмет бабында қайтыс болған Есжан Даулетияров, Қабдол Құлтасовтың отбасыларына барды.

«Бейбіт күннің батырларына айналып, отандастарымыздың қауіпсіздігі үшін жанын қиған полицейлердің ерлігі әрқашан жадымызда қалады. Олардың ұлтжандылығын қанша ұлықтап, еске алғанымызбен ортамызға оралмасы хақ. Алайда, өскелең және келер ұрпақ үшін олардың жасаған батырлық ісін мирас етіп жеткізу бізге міндет», – деді полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев қаза тапқан полицейлердің отбасыларына.

Қызметкерлердің туыстарымен әңгіме барысында Қ.Үмбетқалиев олардың өмірі туралы, балаларының тәрбиесі жайында сұрады. Мысалы,  Шалхар Ақымғалиевтің жанұясында аға ізін жалғайтын мектеп жасындағы інісі өсіп келеді. Отан алдындағы борышын мүлтіксіз өтеген Асқар Бисекеновтей батыр ұлдың анасы Сара Махмудқызы Департамент бастығына өз ризашылығын жеткізіп, қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты орнатушы полицейлер қызметіне жеміс тіледі.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай полицейлердің отбасыларына құттықтау хаттары мен гүлдер, естелік сыйлықтар табыс етілді.

img 20201216 wa0100

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған