Сатып алған тауарды қалай қайтарамыз?

0ff3d370 d0a9 485b 93e4 41e3fabffe81 Жаңалықтар

Кейде дүкеннен тауар сатып алғаннан соң, үйге жеткенде ғана сапасыз болып шыққанын байқаймыз.

Мұндай жағдайда қалай әрекет ету керек? Бірінші кезекте дүкенге наразылық (шағым) жазу керек, ең бастысы дұрыс жазу керек!

Наразылықты (шағымды) қалай дұрыс жазуға болады?

Шағым әрқашан ерікті түрде жазылатынынан бастайық, бірақ бұған қарамастан ол келесілерді көрсетуі керек:

– сатып алу күні;

– өнім атауы;

– сериялық нөмірі;

– бренд;

– талап арызды жазған күні және сіздің қолыңыз.

Шағымда сіз өзіңіздің өніміңіздің нақты ақаулығын көрсетуіңіз керек және өз талаптарыңыз туралы жазуыңыз керек – өнімді айырбастағыңыз келе ме немесе оған төленген ақшаны қайтарғыңыз келе ме.

Барлығын дұрыс жазғаныңызды тексергеннен кейін екінші көшірмені жазуды бастаңыз!

Олардың біреуін өзіңізге қалдыратыныңызды, ал екіншісін дүкен әкімшісіне немесе уәкілетті қызметкерге беретініңізді ұмытпаңыз.

Сіздің көшірмеңізде талап арыздың қабылданған күні және оны қабылдаған адамның қолы болуы керек екенін ескеріңіз!

Егер дүкен сіздің шағымыңызды қабылдаудан бас тартса, сіз жақын жердегі пошта бөлімшесіне хабарласып, шағымның бір данасын дүкенге түгендеумен бірге хатпен жібере аласыз, пошта жөнелтілімдерінің тізімдемесі мен пошталық түбіртегін сақтай аласыз.

Бұл құжаттар дүкенге уақытында шағым түсіргеніңізге дәлел болады.

Өз құқығыңызды біліңіз. Кеңес алу үшін Атырау облысы  бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне келуіңізге болады.

Біздің мекен жайымыз: Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 79. Телефоны: 8 (7122) 52-03-91.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз