АТЫРАУДА «АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛДІ

whatsapp image 2021 07 14 at 17.16.15 Жаңалықтар

Биылдан бастап «Алғашқы жұмыс орны» жобасы енгізілді. Мақсат – еңбек нарығында жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оларға қажетті еңбек дағдыларын беру және алғашқы жұмыс орнына бейімдеу, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы брифинг барысында Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мамбетов мәлім етті.

– Жобаға алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, 29 жастан аспаған, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар қатысады. Жұмыс беруші оларды кемінде 24 айға тұрақты жұмысқа орналастырады. Бұл ретте, халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың бірінші жылы үшін еңбекақыны субсидиялайды. Еңбекақы мөлшері 20 АЕК-ті (58 340 теңге) құрайды, – деген басқарма басшысы жұмыс берушілер мен жас түлектерді жергілікті жұмыспен қамту орталықтарына шақырды.

Сондай-ақ, биыл Жол картасына өзгерістер енгізіліп, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағытында несие беру шаралары қарастырылған. Аталған бағдарлама шеңберінде 1 млрд. теңгеге несие беру жоспарланып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз