Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯЭкологияҚоғам

Қамыстың жануына не себеп? (+ВИДЕО, ФОТО)

Atr.kz/27 тамыз, 2020 жыл. Каспий теңізі жағалауында жанып жатқан қамыстың ауданы шамамен 10 гектарды құрайды. Өрт «АқЖайық» мемлекеттік табиғи резерваты шекарасында Кеңөзек ауылдық округінде орын алған. Бұл туралы «Казавиаспас» АҚ «Eurocopter» ЕС-145 тікұшағымен «АқЖайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында әуеден барлау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде белгілі болды.

https://youtu.be/-5jAmYopAnU

Қамыстың жану себебін анықтау және іс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша шешім қабылдау мақсатында жүргізілген жұмысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті қолға алды. Аталған департаменттің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының хабарлауынша, әуедегі барлау жұмыстарын ұйымдастыруға 22 тамыз күні кешкі уақытта Дамба кенті ауданында қалың түтіннің пайда болуы негіз болды. Осы кезде сала қызметкерлері оқиға орнына жетіп, Каспий теңізінің жағалауында Кеңөзек ауылдық округі тұсында қамыстың жанып жатқанын анықтады. Бұл жер батпақты болғандықтан, өрт сөндіру автотехникасы оқиға орнына жете алмайды. Сондықтан, жану жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілуде.

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мәліметіне сәйкес, 24 тамызда өрт олардың аумағына қарай бет алды. «Тілсіз» жау Атырау қаласынан шамамен 30 шақырым қашықтықта орын алды. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының 15 жұмысшысы  жалынды ауыздықтаумен айналысты. Сондай-ақ, бұл жұмыстарға екі өрт сөндіру техникасы мен осынша жүзу құралдары және мотопомпалар жұмылдырылды. Қазіргі уақытта тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ.

  • –          Әуе барлауының көрсеткен нәтижесі бойынша, «АқЖайық» мемлекеттік резерваты өкілдерімен бірлесе отырып, одан әрі жануды сөндіру үшін жоспар құрылады. Соның негізінде қажетті шаралар қабылданады. Қамыстың жануы толықтай жойылғаннан кейін жұмыс комиссиясымен бірлесіп, материалдық шығын мен оқыс оқиғаның орын алу себебі анықталады, — деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов.

Өткен жылмен салыстырғанда «АқЖайық» мемлекеттік резерватында орын алған өрт саны биыл азайған. Ал, оның алдын алу бағытындағы жұмыстар құзырлы мекеме мамандарының қатаң бақылауында болады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

img 6630
whatsapp image 2020 08 26 at 12.36.43
whatsapp image 2020 08 26 at 12.36.421

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button