Жарнама
Жаңалықтар

Қала әкімі тұрғындармен кездесті

Қала әкімі Мейірім Қалауи СМП-136, Елшібек, Ақ депо ықшам ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында қала басшысы өңірдің даму бағытына қысқаша тоқталып, алдағы уақытта аталған ықшам аудандарда атқарылатын жұмыстар барысымен таныстырды.

-Бүгінгі күні ықшам аудандарда жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. V-кезеңде «СМП-136» аумағында 6,074 метрді құрайтын 14 көшеге, «Ақ депо» шағын ауданына 3 шақырымнан астам ұзындықты құрайтын 11 көшеге түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жоспарланып отыр. Бұған қоса, жалпы ұзындығы 2224 метрді құрайтын «Елшібек» ауданындағы 7 көшеге жарық шамдарын орнату жоспарлануда, — деді.

Тұрғындармен жүздесуде әкім автокөлік және жаяу жүргіншілер жолы құрылысының жоспарымен таныстырды.

-Ағымдағы жылы Майлин өткеліне 640 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер салу жоспарланып отыр. Мердігер мекемесі анықталды. Және де күні бүгінде бұрынғы теміржол өткелінің бойымен Махамбет көшесінен Қабдолов көшесіне дейінгі аралыққа магистральды автокөлік жолының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Жоба аяқталғаннан кейін құрылыс монтаждау жұмыстары басталады. Сонымен қатар, СМП-136 шағын ауданына 891 метрді құрайтын 3 көшеге тас жол құрылысын салу көзделіп отыр, — деді қала әкімі.

Сондай-ақ, балалар ойын алаңын салу мәселесіне тоқталған қала әкімі Елшібек шағын ауданында 1 спорт алаңының жобасы жасақталғанын айтып, биыл жұмыстар басталатынын жеткізді.

Кездесу барысында елдімекен тұрғындары балабақша және ойын алаңдарының жоқтығы, көгалдандыру, бұралқы иттердің көптігі, жол, жаяу жүргіншілер және қоғамдық көлік мәселесіне қатысты проблемаларды көтеріп, өз ұсыныс-пікірлерін айтты.

Тұрғындардың сауалдарына жауап берген қала әкімі Мейірім Қалауи, берілген ұсыныстар кеңінен зерделеніп, шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button