Жаңалықтар

Қала әкімі Алмагүл және Ет комбинаты шағын ауданы тұрғындарымен кездесті

Қала әкімі Мейірім Қалауи Алмагүл және Ет комбинаты шағын ауданы тұрғындарымен кездесті. Жиында әкім атқарылған жұмыстар жайында баяндап, алдағы жоспармен бөлісті. Тұрғындардың сауалдарын тыңдады.

Азаматтардың көтерген сұрақтары электр жарығының жиі сөнуі мен балалар ойын алаңының тозуы, бұралқы иттердің көптігі және тұрғын үйлердің проблемасы төңірегінде бірқатар мәселелер қозғалды.

Өз кезегінде қала әкімі қордаланған мәселелер бойынша бүгінгі күні тиісті жұмыстар жасалып жатырғанын айтып, биылғы жылы ықшам аудан аумағында бірқатар келелі жобалар қолға алынып, ілкімді істер атқарылатынына сендірді.

-Өткен кездесуде Алмагүлдегі саябақ мәселесі көтерілген болатын. Бүгінде оның жобасы дайындалып жатыр. Биыл реттеп, ішіндегі субұрқақты қосып, Әбу Сәрсенбаев атамыздың ескерткішінің айналасын қалыпқа келтіреміз. Бүгінгі күні саябаққа жарық шамдары орнатылуда. Төсемтастарын ауыстырып, сыртқы қоршауын алып тастау жоспарлануда. Барлығы қалыпқа келгеннен кейін күтіп ұстау сіздердің жауапкершіліктеріңізде, – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, қала әкімі Ет комбинаты аумағындағы автокөлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолының құрылысына да тоқталып өтті.

-Ет комбинаты аумағындағы 1 көшеге, Майлин өткеліне, Абдрахманов көшесіне, Аманшин және Еркінов көшесіне, Берғалиев көшесінен гимназияға дейінгі аралыққа жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарын басталмақ. Мердігер мекемесі анықталды. Биыл бастап, аяқтауымыз қажет, – деді.

Бұдан бөлек түнгі жарық шамдарын қондыру бойынша сөз қозғаған әкім мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің V-кезеңі аясында жалпы ұзындығы 2 224 метрді құрайтын Елшібектің жеті көшесіне, яғни, Құрылысшы және Доссор өткелдері, Доссор, Қарашүңгіл, Сағыз, Шалқар және Миялы көшелеріне жүргізілетінін айтты. Сонымен қатар, биылғы жылы теміржол аумағынан спорт алаңын салу жоспарланып отырғанын да жеткізді.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында жұмыстар жандана беретінін айтты.

Айта кетейік, тұрғындармен кездесуге құқық қорғау органдарының басшылары, дербес бөлім басшылары мен тиісті коммуналдық мекеме өкілдері қатысты.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button