Қайыршақты ауылдық округінің ауылдарына спорт алаңдары салынады

342524801 758782328984388 5424431899281435634 n Жаңалықтар

Жұлдыз, Ақсай, Ақжар, Томарлы және Бесікті ауылдарына спорт алаңдары салынады.

«Қазіргі таңда жоба жасақталды. Жобалаушы мекеме – «Шыңдау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.Құрылыс монтаждау жұмыстарына тапсырыс беруші – қалалық құрылыс бөлімі. Бүгінгі күні конкурс жарияланды. Мердігер мекеме анықталған соң тиісті жұмыстар басталады»,  – деп хабарлайды Атырау қаласының әкімдігі.

Қалалық құрылыс бөлімінің мамандарының айтуынша, жергілікті бюджет есебінен салынатын ашық алаңда балалар ойнайтын алаң, футбол, стритбол, жаттығу алаңдары, лед жарық шамдары және бейнебақылау камераларымен қамтылып, орындықтар орнатылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз