«Бейбарыс» жеңіп, «Атырау» мен «Атырау-2» жеңілді

OA0kgWw98N1jj15QmYIMzQ90Y4II3E Жаңалықтар

«Бейбарыстың» жеңісі

Шайбалы хоккейден ел біріншілігінің жалауы көтерілді. Маусымашар кездесуін Өскеменде «Алтай-Торпедо» командасымен екі кездесу өткізген Атыраудың «Бейбарыс» хоккейшілері мүмкін болған алты ұпайға ие болды.

Алғашқы кездесуінде қарсыластарын 2:1 есебімен жеңген жерлестеріміз екінші ойында өскемендіктер қақпасына 4 шайба соқты. Бұл ойында «Бейбарыстан» Шарифьянов, Смольянинов, Черемилов сынды хоккейшілер көзге түсті.

Енді атыраулықтар 14-15 қыркүйекте Павлодарда «Ертіс» командасымен кездеседі.

OA0kgWw98N1jj15QmYIMzQ90Y4II3E

Оныншы сатыға сырғыды

Премьер лиганың 26 турында елорданың «Астана-Арена» стадионында «Астана» командасынан 7:0 есебімен ойсырай ұтылған «Атырау» сенбі күні өз алаңында ақтөбеліктерді қабылдайды.

Қазір жерлестеріміз 25 ұпаймен турнир кестесінің  оныншы сатысына сырғып, жағдайларын қиындатып алды.

Ал, «Атыраудың» жастар командасы  23 кездесуден кейін 43 ұпаймен төртінші орынға жайғасты.

dgiWuF7PwZsG

Қоржыны бос команда

 Қазақстан Республикасы Кубогі жолындағы сайысқа алғаш рет қатысушы «Атырау-2» волейбол командасы төрт кездесуде жеңіліс тауып, соңғы орында келеді. Олар Ақтау қаласында «Динамо-Қостанай» және «Жетісу-Жастар» командаларынан  3:1 есебімен екі рет жеңіліп қалды.

 Бақытжан ЖҰМАТ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз