Қайықпен қатынас қолға алынды
Атырау облысында су полициясы тасқын су шайып кеткен жолдардағы қатынасты қайықпен жалғауда. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-Атырауда Ақтөбе облысымен шекаралас Қызылқоға ауданында тасқын Миялы кентінен шығатын айналма жолды шайып кетіп, 1 шақырымнан астам қашықтықта жол қозғалысы тоқтады. Орталықпен қатынасты үзбеу мақсатында жолдар қалыпқа келгенше су полициясының қызметкерлері ауданға келген гуманитарлық көмекті моторлы қайықпен жеткізуге атсалысып жатыр. Су тасқынының алдын алуға бөгеттер тұрғызу үшін күректер мен өзге де қажетті құралдар Миялыға жеткізілуде. Сондай-ақ, кешегі тәуліктен бері Тайсойған ауылынан 100-ден астам тұрғын моторлы қайықтардың көмегімен эвакуацияланды, — дейді департаменттің ресми өкілі Мейірім Ердәулет.
Сондай-ақ сала маманы 2 сәуір сағат таңғы 7-ден бері Көздіқара елді мекенінен 30-ға жуық тұрғынды эвакуациялау басталғанын атап айтты.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ