whatsapp image 2021 07 14 at 19.35.30

Биыл 400 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды

Жаңалықтар Тәуелсіздікке 30 жыл
51 / 100

«Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен отырыста Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Әжіғалиева мәлімдеді»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, селекторлық режимде аудан әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде Атырау облысының 2021 жылғы І жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы қаралды.

«Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте республика бойынша бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Осы тұрғыда Президент жүктеген міндеттерді жүзеге асыру, алдағы жұмыс жоспарларымызды нақтылауымыз қажет»,-деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Ал, облыстың экономикалық көрсеткіштеріне тоқталған басқарма басшысы Айгүл Әжіғалиева кейбір бағыттардағы өсімдерге талдау жасады.
Басқарма басшысының айтуынша, қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 891,7 млрд. теңгені құраған.

Сондай-ақ, мемлекеттік бюджетке 687,4 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналған.
Сонымен қатар, жыл басынан бері негізгі капиталға инвестиция көлемі биылға маусым айында 16,5 пайызға өскен. Ал, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 0,9 пайызға артып, 50 742 бірлікті құраған.

Оған қоса Айгүл Әжіғалиева құрылыс саласында да едәуір өсім бар екенін жеткізді.
«Бірінші жартылдықта құрылыс жұмыстарының көлемі – 107,2 пайыз деңгейінде қамтамасыз етілді. Бұл бағыттағы өсім Атырау қаласында 276,0% және Құрманғазы ауданында 164,8% жетіп отыр.
Осы аралықта облыс бойынша 399,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, өткен жылмен салыстырғанда 188,1 пайызға өскен»
,-деді Айгүл Әжіғалиева.

Аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі өнеркәсіп саласының төмендеуіне жол беріп отырған Исатай, Қызылқоға, Махамбет аудандары әкімдеріне жұмысты жандандырып, тиімді ұйымдастыруға пәрмен берді.

«Зерделеп қарасам, әкімдер мен басқарма басшылары барлық мәселені қаржылық қажеттілікке, яғни, бюджет есебінен атқарылатын жұмыстарға тіреп қояды.
Сіздердің қызметтеріңіз – жобалық-сметалық құжаттама жасап, құрылыс салумен шектелмеуі керек. Президент қойып отырған экономиканы әртараптандырумен жаңа ауылшаруашылық, кәсіпкерлік жобалар, жаңа жұмыс орындарын құру мәселесіне басымдық беру керек»,-
деді М.Досмұхамбетов.

Сонымен қатар жиын соңында Махамбет Досмұхамбетов жауапты тұлғаларға инвестиция тарту және жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, «Еңбек» және «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламаларының тиімді әрі сапалы орындалысын қамтамасыз етуді міндеттеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған