
Жаңалықтар
Қайық аударылып, 41 жастағы ер адам суға кетті
Atr.kz / 16 шілде, 2020 жыл. Атырау облысында қайық аударылып, 41 жастағы ер адам суға батып кетті.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, оқыс оқиға кеше, 15 шілдеде сағат 21:56-да Құрманғазы ауданында болған.
«Қиғаш өзенінің Бірлік ауылдық округіндегі Ягодкин учаскесінің тұсында қайық аударылып, 41 жастағы ер адам суға батып кеткен. Ол өзенді қайықпен кесіп өтпек болған. Бүгін сағат 06:30-да суға батқан адамды іздеу басталды. Іздестіру жұмысына жедел құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 жүзу құралы тартылды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін Атырауда биыл 25 адам суға кеткенін хабарлаған болатынбыз.
«ҚазАқпарат»