ЖаңалықтарҚоғам
Қайрат Оразбаев Атырау қаласындағы көлік кептелісін болдырмауды қалай шешіп жатқанын айтты
«Биыл жалпы ұзындығы 5,6 шақырым болатын автокөлік жолдары қайта жаңғыртылады» деп хабарлайды Atr.kz
Яғни, биыл Атырау қаласындағы Әуезов, Канцев көшесі және Балықшы ауданынан Зарослый ауылына дейін автокөлік жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары жасалады.
«Өткен жылы 11 көшеге қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Оның ішінде, жалпы ұзындығы 12,3 шақырымды құрайтын Ғабдиев, Амандосов, Құрманғазы, Уәлиханов және Ғұмаров көшелерінің автокөлік жолдарына қайта жаңғырту аяқталды. Сондай-ақ, 9000 м2 автокөлік жолдарына ағымдық жөндеужасалды» деп нақтылады Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.
Қала әкімінің айтуынша, осындай жол кеңейту жұмыстары нәтижесінде көлік нөпірін азайтуға мүмкіндік бар.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА