
Жаңалықтар
Қ.Сәтпаев даңғылында жол қозғалысы уақытша шектеледі
Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-Ертең, 7 маусымда Қ.Сәтпаев даңғылының Ерниязов көшесі мен И.Тайманұлы даңғылы аралығында жол құрылыс жұмыстары басталады. Осыған байланысты аталмыш учаскенің бір жақ бағыттағы қозғалысы уақытша жабылады, — делінген ресми хабарламада.
Құрылыс жұмыстары кезеңінде қоғамдық көліктің кейбір маршруттарына уақытша өзгерістер енгізіледі. Өзгертілген бағыттар сызбасы қосымшада берілген.

Қалалық әкімдіктің өкілдері жүргізушілерден және жолаушылардан алдын ала жол бағытын жоспарлап, қозғалыс кезінде барынша сақ болуды, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.




Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА