Дәрігерге қандай жағдайда 2 миллион теңге беріледі?

310120 92449 51059 2 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл. Коронавирус жұқтырған дәрігерге 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі.

Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

«Медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі де пысықталды. Олар ауырып қалған жағдайда 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Құдай сақтасын, бірақ егер медициналық қызметкер қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге мөлшерінде төлемақы беріледі. Бұл жаңалық тек дәрігерлердің ғана емес, барша қазақстандықтардың рухын көтеріп, көңілін серпілтеді деп ойлаймыз», – деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар министр қазір күрделі де қиын уақыт екендігін атап өтті. баса айтты. «Бірақ, бұл қиындықтан қашу, еңсені түсіру дегенді білдірмейді. Өмір жалғасып жатыр» деді министр.

Қазіргі төтенше жағдай кезінде елімізде 20 мыңнан астам медицина қызметкерлеріне тегін байланыс және интернет пакеті берілді», -деді министр.

http://atr.kz/bez-rubriki/850-my%d2%a3-te%d2%a3ge-pandemiyamen-k%d2%afresip-zhat%d2%9ban-d%d3%99rigerlerge-t%d3%a9lenetin-%d2%afstema%d2%9by-k%d3%a9lemi-belgili-boldy/

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз