Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Президенттікке кандидаттар сайлауалды үгіт жұмыстарын 11 мамырда бастайды

Atr.kz/ 10 сәуір, 2019 жыл. Президенттікке кандидаттар сайлауалды үгіт жұмыстарын 11 мамырда бастайды.

Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттар үгіт жұмыстарын 11 мамырда бастайды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.

«Сайлау алдындағы үгіт тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін бірден басталады және дауыс беру күні алдындағы күні 00-00 сағатқа дейін, яғни 8 маусым күні 00-00-ге дейін жалғасады», — деді К.Петров. Оның айтуынша, «Сайлау туралы» ҚР заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының президентіне тіркелген кандидаттарға эфир және баспасөз бетінен орын беру төлемақысының мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді хабарлау мен жариялау сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін 5 күннен кешіктірілмей 2019 жылдың 5 мамырына дейін өткізуі тиіс. Дауыс беру 9 маусымда жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20-00-ге дейін болады. Дауыс беру аяқталған кезден бастап, яғни сағат 12-00-ден сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жүргізіледі.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button