Атырауда отбасы күнінде отбасылық ансамбльдер концерт қойды (ФОТО)

ANU 0992 Жаңалықтар

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылғы Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі күні – Отбасы күні болып белгіленген болатын. Осы мерекеге орай Исатай-Махамбет алаңында «Отбасы – өмір аясы» атты облыстық фестиваль ұйымдастырылды.

ANU_0992

Аталмыш іс-шара өңірдегі отбасы институты деңгейін көтеру, отбасын мәдени және қоғамдық қызметке белсенді араластыруға арналған болатын.

Сонымен, бұл концертте ауданннан өнерлі отбасылар – Қызылқоға ауданынан келген Есенғалиевтар, Мақат ауданы Елубаевтар, Жылыой ауданынан Қоңыровтар, Махамбет ауданы Жайлашевтар, Исатай ауданының Бермағамбетовтер, Құрманғазы ауданының Нарешовтер отбасылық ансамблі ән айтып, биледі.

ANU_0999

Шара соңында облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Бақытбек Сартбаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, концертке қатысқан барлық отбасыларға алғыс білдірді. Оларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

ANU_0938

ANU_0943

ANU_0935

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз