Президенттік кадр резервіне өту үшін жастарға қойылатын талаптар белгілі болды

10.3 1 Жаңалықтар

1 қыркүйекте Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталады

1 қыркүйектен бастап Президенттік жастар кадрлық резервіне екінші іріктеу басталады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы Ерлан Ермаханбетов мәлімдеді.

  • Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау. Белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды, – деді Ерлан Ермаханбетов.

Оның айтуынша, резервке алу үшін үміткерлер бірнеше кезеңдерден өтуі керек.

Оның қатарында ситуациялық мәселелерді шешу,
сарапшылық комиссияда әңгімелесу сынды кезеңдер бар.

Құжаттарды қабылдау pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі деп жоспарлануда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз