ЖаңалықтарЭкономика
Президент: «Жайылым жерлер алдымен ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек»
Жайылым жердің жетіспеушілігі Атырауда да өзекті мәселеге айналған. Осы орайда, Президент нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі Ақорданың Twitter парақшасына сілтеме жасай отырып.
«Жайылым мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. Бұл жерлер, ең алдымен, ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай отыр. Соның салдарынан, ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда» деді Президент.
Оның айтуынша, жайылымның 99 пайызы шаруа қожалықтарының иелігінде.
«Алайда, оның 36 пайызында ғана мал жайылады. Қалған 46 миллион гектар жайылымдық жер бос жатыр. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтарып алуды тапсырамын» деді ол.