Президент Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге түбегейлі тыйым салды

zher satu sheteldik zhalga beru bozzhyra kokzhajlau 750x477 1 Жаңалықтар

Бұдан былай шетелдіктерге жерді сатуға заң жүзінде біржола тыйым салынады.

«Халқымыз үшін жер мәселесі қашанда аса маңызды. Бұл – мемлекеттігіміздің берік негізі және қасиетті символы. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет. Сондықтан мен мынадай нақты шешімдер қабылдадым.

Біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығына арналған жерлерді сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Әкімшілігі дәл осы мәселеге байланысты тиісті заң жобасын әзірлеуі тиіс.

«Айқын» газеті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз