Атырауда велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

depositphotos 167341726 xl 2015 Жаңалықтар

«Күдікті ұрлық болғаннан кейін арада бір сағат уақыт өткенде ұсталған» деп хабарлайды Atr.kz

1 маусым күні сағат 22:30 шамасында Патрульдік полиция қызметкерлеріне 2002 жылы туылған азаматшадан велосипедінің ұрланғандығы туралы шағым түседі.

Дереу жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде, бір сағат ішінде Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің алдында күдікті ұсталды.

«Патрульдік полиция 1980 жылы туылған тұрғынды ұрланған велосипедпен бірге, жедел тергеу тобына тапсырды» деп атап өтті
Атырау қаласы полиция басқармасы, Патрульдік полиция командирі, полиция майоры Нұрлан Сәрсенбаев.


Велосипедін қайтарып алған тұрғын полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз