Жарнама
Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕРГЕ КЕҢЕС БЕРДІ

Atr.kz/5-наурыз, 2019 жыл. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елге алғаш рет келген шетелдік туристерге кеңес берді.

         Президент сұхбатының үзіндісін ҚР Президенті Телерадиокешені Facebook парақшасында жариялады.

20190305113452

«Біріншіден, шетелдік қонақтарға біздің биік тауларымызды көруді ұсынар едім. Рюкзак асынып, кроссовки киіп, тауға кету керек. Әсіресе, жаз мезгілінде ерекше сұлу болады. Өзің жасыл төбеде тұрсаң, алдыңда қарлы шыңдар көрінеді. Қысқы уақытта таулардың жым-жырт тыныштығын көрер еді. Айнала аппақ қар, жарқыраған күн және жылы ауа райы. Сондай-ақ, қонақтар түнде тау ішінде жұлдыздардың қаншалықты жақын болатынын да көруі керек», — деді Президент журналист сұрағына берген жауабында.

Екіншіден, Мемлекет басшысы шетелдік туристерге шеті мен шегі көрінбейтін даланы көруге кеңес берді. «Үшіншіден, киіз үйге кіріп, ұлттық тағамымыз — қазақша дайындалған етті жеп, қымызды ішіп көруі керек. Етті жеудің де өз жоралғысы бар. Үстелге отырғанда алдымен шәй береді, осылайша адам асқазанын дайындайды», — деді Н. Назарбаев.

Президент қазақ даласы арқылы Қытай империясына барған италиялық саяхатшы Марко Полоның жазбалары жөнінде айтып берді. «Түнгі сағат 12-де қазақтар кешкі ас ішуге «жатты» дейді. Себебі, ол кезде биік үстелдер болған жоқ, дастархан басында жастықты шынтақтап жатып, тамақ жеген. Малды айдап әкеліп, сауып, жайғастырам дегенше сағат түнгі 12 болатын шығар. Өркениеттің барлық ауыртпалықтарынан алыс, нағыз өмір осы», — деп атап өтті Президент. Төртіншіден, Мемлекет басшысы туристерге атты ерттеп мініп, далада ат үстінде шабуды ұсынды.


«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының хабарлауынша, 2018 жылы Қазақстанға 8,5 миллионнан астам шетелдік туристер келген. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 10% көбірек.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button