Президент Қызылорда облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты
Atr.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында болған автобус апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Президенттің «Twitter» парақшасына сілтеме жасап.
«Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетелік, аталмыш оқиға бүгін таңғы 04.30 шамасында болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 адам емдеу орындарына жатқызылды. Оқиғаға байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі түсінік берді. Сондай-ақ, сегіз адамның өмірін қиған «Қызылорда — Құмкөл» жолындағы автобус апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.