Атырауда қалың қар жауған 4 күннің ішінде 70-ке жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді

63cdf12d808ea872597624 Жаңалықтар

Атырау облысы аумағында ауа райының күрт өзгеріп, қалың қар түсуіне байланысты атыраулық полицейлер облыс аумағындағы республикалық маңызы бар тас жолдарында күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Қалың қар жауып, ауа райының күрт өзгеруі салдарынан облыс аумағында 4 күннің ішінде 70-ке жуық жол-көлік оқиғасы орын алды. Орын алған жол апаттарынан зардап шеккендер анықталмады.

Осыған байланысты, жолдардағы төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері көлік жүргізушілеріне жол бойында барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жылдамдық режимін шамадан тыс асырмау қажеттігін ескертеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз